20:34, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Мүгедектік 30 000 теңгеге бағаланды
АТЫРАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының Құлсары қаласында қаржы полициясының қызметкерлері облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімнің бастығын пара алу кезінде ұстады.

Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана Жұмашеваның хабарлауынша, 30 000 теңге пара алушы Құлсарыға іссапармен келіп қаланың бір тұрғынынан еңбекке жарамсыздығы фактісін растайтын және кейіннен мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын анықтаманы талап еткен.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.