Париж-2024: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да ширек финалдан аса алмады

ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалдағы айқасында төрешілер шешімімен жеңіліс тапты.

бокс
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

63,5 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/4 финалда Грузия боксшысы Лаша Гурулимен қолғап түйістірген болатын. Аса тартысты өткен кездесуде қарсыласының қос қабағын жарып, қан-жоса етті. Алайда төрешілер жеңісті қарсыласына берді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай Әзербайжан боксшысы Лорен Берто Альфонсо Домингестен ұтылып, Париж Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.

Сонымен қатар бүгін әйелдер арасында Назым Қызайбай екінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түсіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар