Мұхит Тұрсынов Qazaqstan Barysy турнирін ерте аяқтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Qazaqstan Barysy Х республикалық турнирінде 2014 жылғы Qazaqstan Barysy атағының иегері Мұхит Тұрсынов жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Турнирдің алғашқы айналымында ол биылғы «Әскер барысы», екі дүркін финалист Ерасыл Қажыбаевпен кездесті. 4 минутқа созылған белдесуде Мұхит Тұрсынов қарсыласына бүк ұпаймен жол берді.

Биылғы турнирде Мұхит Тұрсыновтан бөлек, турнир жеңімпаздары Айбек Нұғымаров пен Еламан Ерғалиев қатысып жатыр.

Еске салсақ, биыл турнирдің бірінші орын иегеріне 25 млн теңге, бапкеріне 3 млн 500 мың теңге. Екінші орын иегеріне 5 500 мың теңге, бапкеріне 1 800 мың теңге. Үшінші орын иегеріне 1 800 мың теңге беріледі.


Соңғы жаңалықтар