Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізілді-Көкшетау қаласы

Әдеби іс-шараның мақсаты-қазақтың ақиық ақыны Мұқағали шығармашылығымен жиналған қауымды кеңінен тасыстырып, әдеби сөз сұлулығын, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілді насихаттау, оны оқуға, үйренуге қызығушылықты ояту болып табылады. Іс-шара барысында өзге ұлт өкілдері бейнекөрініс арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығы турасында мол мағлұмат беріп, ақын жырларын мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Жұртшылық алдында Мұқағалидың «Отан», «Қазақстан», «Үш бақытым», «Арманда ұлым» сынды жыр жумақтары көпшілік алдында жаңа қырынан танылды. Сонымен бірге кешке жиналғандар алдында Отан, туған тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер сайысы ұйымдастырылды. Жиын соңында белсенділік танытқандардың бір тобына ішкі саясат басқармасы мен «Парасат және діл» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табысталды.