13:10, 11 Шілде 2023 | GMT +5
Мұқанбетқали Есенғалиев Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мұқанбетқали Есенғалиев Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұқанбетқали Есжанұлы Есенғалиев 1987 жылы дүниеге келген, екі жоғары білімді.
2008 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2019 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2009 жылы бастаған. Әр жылдары облыс әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.