Мұқтаж жандарға қолұшын созғанға не жетсін - Р.Хайрушева

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мейірімге ділгер балалар мен жалғызілікті қарияларға, барлық мұқтаж жандарға қолұшын созып, көмектескенге не жетсін. Бұл туралы Тұңғыш Президент күніне арналған Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 27 қараша күні өтетін «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық ұйымдарының, меценаттардың және донорлардың республикалық съезіне қатысатын Орал қаласындағы қайырымды жандардың бірі Рада Хайрушева мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, заңгер болып жұмыс жасайтынына қарамастан, бос уақыттарында ерікті түрде «Қолұшын бер» атты командасымен бірге төрт жылдай уақыт бойы қайырымдылықпен айналысып келеді. Балалар және қарттар үйлеріне барып, қолдан келгенше көмегін көрсетеді. Көп балалы, аз қамтылған отбасылар, жетімдер, мүгедек балалар да назардан тыс қалған емес. Ең бастысы, оларға керегі жүрек жылуы ғой.

Жуырда республикалық «Жетінші арна» телеарнасының қолдауымен «Ұлттық еріктілер желісі» ұйымдастырған «Жақсылық жаса» әлеуметтік жобасының «Мейірімді жүрек» аталымын осы Рада Хайрушева иеленіп, алғысхатпен марапатталды.

«Мұндай жиынға қатысу мен үшін үлкен құрмет. Осының алдында қазан айында Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің форумына барып, жақсы әсер алып келіп едім. Енді еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған барлық қайырымды жандармен бас қоспақшымын. Елімізде қамқорлық көрсетуден танбайтын меценаттардың, ірі мекеме-ұйымдардың көбейе түсуі қуантады. Елбасымыздың бастауымен әлі де талай жарқын істердің куәсі болатынымыз анық», - деді Р.Хайрушева.

Соңғы жаңалықтар