Мультимедиялық журналистиканың жаңалықтары қазақстандық БАҚ-тың тұрақты дамуына ықпал етеді - Сорос-Қазақстан қорының Бағдарламалар директоры

None
None
АЛМАТЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары жаңа мультимедиялық пішіндерді іздеуде.

Бұл жайлы Сорос-Қазақстан қорының Бағдарламалар директоры Антон Артемьев бүгін Алматыда «БАҚ болашағы - журналистердің қолында» деген атпен өтіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының ІІ аймақтық медиафорумында айтты.

«Мұндай талқылаулар арқасында бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мен оқырмандар арасында кері байланыс болып отыр. Ол БАҚ-тың жауапкершілігін арттырады. Біздің ойымызша, жергілікті БАҚ-тың қоғамдық, саяси, экономикалық және мәдени өміріміздегі оқиғаларды таратуда маңызы зор», - дейді А. Артемьев. Оның айтуынша, мультимедиялық журналистиканың жаңалықтары қазақстандық БАҚ-тың тұрақты дамуына ықпал етеді. Ол БАҚ-тың қоғамдық мүмкіншіліктерін бекітуге мүмкіншілік береді. Сорос-Қазақстан қоры келесі жылы да аймақтық басылымдарға, мультимедиялық редакцияларға, тәуелсіз журналистік ұжымдарға да қолдау көрсетеді. Сонымен қатар жылдың басында онлайн жұмыстарға байқау жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар