Мүлік салығын төлемей жүрген атыраулықтардың қарызы 385 млн теңгеге жеткен

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім
еткендей, жылжымайтын мүлік және жер салығын 1 қазанға дейін төлеуі қажет,
«Қазір екінші деңгейдегі банктер жеке тұлғаларға SMS және PUSH-хабарламалар
бойынша мүліктің алдағы салық төлемдері бойынша ақпарат жіберді. 2021 жылға
арналған салықты екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге
болады. Есептелген салық сомасы салық төлеушілердің дербес шотындағы артық төлемді
ескере отырып көрсетіледі. Салық берешегін e-SalyqAzamat мобильді қосымшасынан да
тексеруге болады. Өйткені, е-SalyqAzamat қосымшасындағы «Электрондық сервистер»
бөлімінде «ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі» бөлімшесі бар. Онда ЖСН бойынша
мүлік салығы бойынша алдағы төлемдер туралы мәліметтер көрсетіледі», -деп хабарлады
департаменттің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік кірістер департаменті аймақ тұрғындарын 1 қазанды күтпей-ақ салық төлеуге
шақырып отыр.
«Биылғы 1 тамыздағы мәліметке сәйкес облыс тұрғындарының мүлік салығы 385,1 млн
теңгеге жеткен. Борышкерлер қатарында 22,8 мың адам бар. Олардың басым бөлігі – 17,5
мың адам Атырау қаласында тұратын тұрғындары екенін белгілі болып отыр. Шаһар
тұрғындарының берешек сомасы 309,2 млн теңгені құрайды», -деп мәлім етті
департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраулықтар көлікке 355 млн теңге салық төлемегенін
https://kaz.inform.kz/news/atyraulyktar-kolikke-355-mln-tenge-salyk-tolemegen_a3960378
хабарлаған болатынбыз.