Мүлікті заңдастыру қарқынды іске асып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүлікті заңдастыру жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған. Өткен жылы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданып, Елбасы тарапынан бекітілген болатын. Бұл жұмыстар қазіргі таңда Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Үкіметтің басты назарында тұрған бағыттардың бірі болып табылады.
None
None

Мүлікті заңдастыру жөніндегі жүргізіліп жатқан акциялардың барысын айқындайтын ақпараттық-анықтамалық материалдар бар. Осы жылдың соңғы айында әкімдіктердің жанындағы комисиялардың күшімен заңдастырылған мүліктің құны 46,5 млрд. теңгені құраған, республика бойынша орташа көрсеткіш - 3 млрд. теңге. Айталық, бұл мына мына аймақтарда: Алматы қаласында (20,9 млрд. теңге), Алматы облысында (14,7 млрд. теңге), Оңтүстік Қазақстан облысында (2,4 млрд. теңге) елеулі айырмашылықтар сақталып отырғандығын аңғартады. Сондай-ақ, мүлікті заңдастыру қарқыны мына аймақтарда: Павлодар облысында (120,9 млн. тенге), Батыс Қазақстан облысында (125,8  млрд теңге) төменгі дәрежеде қалуда.

Ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімиятында уақытылы қаралмаған мүліктер жөніндегі өтініштердің жалпы құны 5 млрд. теңге болған. Маусым айының қорытындысы бойынша бұл келтірілген цифрлық көрсеткіш толық жойылуға тиісті еді, солай бола тұра ол небары 400 млн. теңгеге қысқартылған. Оның үстіне бұл тізім тағы үш аймақта 1,8 млрд. теңгенің заң  бұзушылығын тудырған: Оңтүстік Қазақстан облысында (1,2 млрд. теңге), Ақмола облысында (600 млрд. теңге), Шығыс Қазақстан облысында (45 млн. теңге).

Мемлекеттік кіріс органдары желілері бойынша үстіміздегі жылдың мамыр айында заңдастырылған шетелдік мүліктердің жалпы құны 2 млрд. теңгені құраған, осы уақыт ішінде, атап айтқанда, маусымда бұл сома 4,5 млрд. теңгеге дейің ұлғайған. Шетелдік мүліктерді заңдастыруға құлықтылар саны  80 адамды құраған, оның үшінде бір айдың ішінде 8 адамға өскен.

«Атамекен ғылыми-өндірістік кәсіпорнының желілері бойынша ағымдағы жылдың маусым айында мүлікті заңдастыруда бизнес-бірлестікпен бірге мүлікті сенімділікпен басқаруда үлгі боларлық іс-әркеттер байқалмаған.
Мүлікті заңдастыру бойынша заңдылық ережелеріне жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша заң актілеріне тиісті қосымша өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістер заңдастыру субьектілеріне «бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік кіріс органдарына тиісті құжаттарды екінші дәрежелі банктер арқылы ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл заңдастыру үшін жергілікті төлем жинауды жеделдетеді. Мұндай қосымша балама азаматтардың заңдастыру құжаттарын ұсынуға қолайлы мүмкіндіктер туғызады.

Қаржы Министрлігінің Ұлттық Банкпен бірлескен тиісі бұйрығы мемлекттік тіркеуден өтуге Юстиция Министрлігінде жатыр. Мүлікті заңдастыруды жеделдетуге осындай маңызды құжаттардың да пайдасы тиетіні анық. Уақыт бұл жұмысты ширата түсуді талап етеді.

Соңғы жаңалықтар