Мүлік салығы: нені білу керек және қашан төлеу керек

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кірістер комитеті биылғы 1 қазанда 2024 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелері - жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.

Мүлік салығы
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзіміне қарай жүргізеді.

- Салық заңнамасына сәйкес 2024 жыл үшін төленетін мүлік салығының сомалары бойынша хабарламалар ағымдағы жылдың шілде айынан бастап меншік иелеріне жіберіледі. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға салық сомасы бойынша PUSH-хабарламалар жіберу басталғанын хабарлайды, деп жазды Мемлекеттік кірістер комитетінен.

Сонымен бірге, 2025 жылдың 2 қазанынан бастап салық сомаларын уақытында төлемеген жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламар жіберілетінін еске саламыз.

Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.

Айта кетейік, Парламент жаңа Салық кодексін бекітті.

Соңғы жаңалықтар