Мүліктері бүлінсе де үміттері үзілмеген қостанайлықтар

Су тасқыны
Фото: Дарья Аверченко

Наурыз айының соңынан бері Қостанай облысы жойқын су тасқынынан зардап шекті. Табиғат апаты ең әуелі облыстың оңтүстігіндегі Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласы тұрғындарын әбігерге салды. Ал 5 сәуірде су тасқыны облыс орталығына, жақын маңдағы аудандар мен елді мекендерде «мінез танытты». Kazinform тілшісі су тасқынынан зардап шегіп, мүліктері бүлінсе де үміттері үзілмеген Тобыл қаласының тұрғындарымен кездесті. 

Эвакуациялық пункттердің бірі Н. Наушабаева атындағы мектеп-гимназиясында орналасқан. Мұнда 113 адамға орын бар. Қазіргі уақытта 30-ға жуық ер, әйел мен бала уақытша орналастырылған. Олар – бөгетке іргелес көшелердің тұрғындары.

Қостанай
Фото: Дарья Аверченко

Зейнеткер Надежда Красикова су тасқыны қыр көрсетпей тұрып мектепке жайғасып алған. Ол судың үйге жақындамағанына шүкір етіп отыр.

«Эвакуация жарияланған уақытта мектепке келдік. Бөгетті дер кезінде нығайтқандықтан үйімді су басқан жоқ. Осы ретте, әкімдікке, жергілікті тұрғындарға алғысымды білдіремін», - дейді зейнеткер.

Қала тұрғынының айтуынша, мұндай су тасқыны бұған дейін 1994 жылы болған. Ол кезде бөгет болмапты. Сол уақытта жеке үйлер ғана емес, екі қабатты үйлердің бірінші қабаты да су астында қалған. Қазір зейнеткер үйі мен итінің қамын ойлап отыр.

«Итіме тамақ беруге барып едім, аянышты күйде екен. Өз үйімізге оралуымызды тағатсыздана күтіп жүрміз», - деді ол.

Қостанай облысы
Фото: Дарья Аверченко

Қостанай ауданында барлығы 7 эвакуациялық пункт бар. Ондағы төсек-орын саны 1 000-ға жуықтайды. Қазіргі уақытта шамамен 134 адам эвакуацияланған. Ал, жалпы Қостанай облысында мұндай 20 орталық тіркелген.

Тұрғындарға күніне 4 рет тамақ беріледі. Олар тағамның өте дәмді екенін атап өтті. Мысалы, түскі асқа сорпа, ет қосылған бұқтырылған көкөністер, компот беріледі екен. Айтпақшы, тамақты жергілікті мектеп жеткізушісі тегін үлестірілетінін атап өткен жөн. Эвакуациялық пункттерде әйелдер мен ерлерге арналған төсек-орындары бөлек, тіпті, сәбиге арналған бесік те бар екен.

Қостанай облысы
Фото: Дарья Аверченко
Қостанай облысы
Фото: Дарья Аверченко

Өкінішке қарай, бізге тасқыннан барынан айырылғандар да кездесті. Валентина мен Анатолий Зиновьевтер баспанасының жарамсыз күйге түскенін айтады. Олар сонау 90-жылдардың соңынан бастап жайлы үйге айналған саяжайда тұрып келген. Бүгінде олардың үйі су тасқынынан зардап шеккен нысандардың қатарына енген. Барлық мүлік су астында қалған... 

Қостанай облысы
Фото: Дарья Аверченко

«Біз Кеңес Одағы кезінде Ресейден көшіп келгенбіз. 1999 жылы бір жерде Затоболовканың (қазіргі Тобыл қаласы – автор) түбіндегі саяжайларға қоныстандық. Мұндай су тасқынын алғаш рет бастан кешіп отырмыз. Өкінішті жағдай. Бар мүлік су астында қалды. Құжаттарды ғана алып үлгердік», - деді Валентина.

Айтпақшы, ол әңгімелесуге дейін дәрігерге көрініп келіпті. Уайымнан болар, денсаулығы сыр бере бастаған.

«Олар бізге «бәріне көмектесеміз» деп уәде берді. Саяжайда тұрып жатқандарға баспана беретінін айтты», - дейді ерлі-зайыптылар.

Айта кетсек, Қостанайда тасқыннан зардап шеккендерге 114 млн теңге біржолғы төлем берілді

Соңғы жаңалықтар