Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған адамдарды бөлек тізімге шағару қажет – депутат үй кезегі туралы
«Әлеуметтік осал топтағы адамдарға арналған ипотекалық бағдарламалар бар, жүзеге асып жатыр. Дегенмен оларды қайта қарастыру керек. Мәселен, қарапайым отбасыны алсақ, ол 10% алағашқы жарнаны төлей алмайды. Сондықтан ол алғашқы жарна үшін тұтынушылық несие алады. Енді осы орайда бір мәселе бар – ол тіркеу шарты. Яғни, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі болуы тиіс. Қарасаңыз, үйі жоқ адамның қандай тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуі болады? Сондықтан адамдарды заң бұзуға өзіміз итермелеп отырмыз. Мысалы, 7 баласы бар отбасыны кім тіркейді? Әрине, олар ақша төлеп, бір жерге тіркеледі», - деді Мәжіліс депутаты.
Гауһар Танашева үй алу үшін қойылатын талаптардың арасынан тұрғылықты мекенжайы бойынша 3 жыл тіркеуде тұру міндеттемесін алып тастауды ұсынады.
«Менің ойымша, тіркеуді алып тастау керек. Мұның жолдарын қарастыру қажет. Әлеметтік осал топтарға жататын отбасылардың табысы төмен. Ал банк қоятын талап – айлық табысы жоғары болуы тиіс. Сондықтан Үкімет тарапынан осыған жауапты адамдар мұны шешуі керек. Сондай-ақ, алғашқы жарнаны алып тастау қажет. Ол қиын емес деп ойлаймын. Банктермен келісмшарт жасасуға болады», - деп ұсыныс білдірді Гауһар Танашева.
Сонымен қатар депутат мемлкет тарапынан әлеуметтік осал топтарға берілетін пәтерлерді алу қиын екенін атап өтті. Басты талаптың бірі 3 жыл бойы үй алатын қалада тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу болуы тиіс.
«Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған бөлек тізімге шағару қажет. Сондай-ақ, толық емес отбасылар «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылды. Соларды қайта енгізу керек. Бұл да бір көмек», - деп тоқталды мәжілісмен.