Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықты барлық ауданнан ашу қажет - С.Кулагин (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай Көкшетау қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды.
None
None

Орталықтың ашылу салтанатында Ақмола облысының әкімі С.Кулагин, «Самұрық- Қазына» ӘАҚ» АҚ-ның және «Дара» қайырымдылық қорының, қоғамдық ұйымдар өкілдері және мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналары қатысты.

Бұл жолғы жоба «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз! Біз инклюзивтікті қоғамды қолдаймыз!» атты жоба шеңберінде «Дара» қайырымдылық қорының мұрындық болуымен жүзеге асырылып отыр. Психологиялық-педагогикалық түзету орталығында 0-7 жас аралығында мүмкіндіктері шектеулі балаларға тегін, сапалы, кешенді қызмет көрсетіледі. Орталықта педагог-психолог, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы сияқты мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, даму мүмкіндігі шектелген балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау үшін «Отбасылық сағат» ұйымдастырылады. Тағы бір ерекшелігі мұнда балаларға кедергісіз орта ұйымдастырылған. Мәселен, пандус, ойылған есіктер орнатылған. Кабинет заманауи оңалту құралдармен, монтессори материалдарымен жабдықталған.

Аймақ басшысы Сергей Кулагин өңірде осындай 10 кабинеттің жұмыс істейтінін және алдағы уақытта барлық аудан орталықтарында ашу қажеттігін атап өтті. Шара барысында облыс басшысы психологиялық педагогикалық орталыққа 5 миллион теңгенің сертификатын тарту етсе, «Дара» қайырымдылық қоры «инва-такси» сыйлап, мүмкіндігі шектелуі балалар мен олардың ата-аналарын бір қуантты.

Соңғы жаңалықтар