12:45, 08 Маусым 2016 | GMT +5
Мүмкіндігі шектеулі спортшы Польшадан қола жүлдемен оралды-Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Польшаның Эльблонг қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан Польша кубогы өтті.

Аталған жарыста ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Эрик Қасқабаев қола жүлдеге ие болды,-деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Бірінші орынды Украина елінің командасы иеленсе, екінші орынды Польша спортшылары еншіледі.
Жарысқа Латвия, Украина, Жапония, Қазақстан, Польша елдерінен 7 команда қатысты.
Енді Э.Қасқабаев 28 маусымда Голландияда өтетін халықаралық турнирде бағын сынайды.