Мұнай ағу салдарынан тоқтатылған «Теңізшевройлдың» екінші буындағы зауыты бүгін қайта іске қосылмақ

АТЫРАУ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының теңіз кенішіндегі «Теңізшевройл» ЖШС-нің екінші буындағы зауыты тоқтатылған болатын,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Зауыттың технологиялық тоқтатылуы жұманың екінші жартысында орын алды. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Жасұлан Жұмашевтің айтуынша, зауыттың тоқтатылуына 2008 жылы іске қосылған фланцевті жалғаудан мұнайдың аға бастауы себеп болған. Өйткені, мұнай тереңдігі 2,5 метрлік құдыққа толып кетіп, одан әрі сыртқа жайыла бастаған. Жұмысшылар осыны байқап қалған соң, зауытты тоқтату жөнінде шешім қабылданды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар жөніндегі мамандар мен тиісті органның өкілдері жедел шақырылды. Қазіргі уақытта сыртқа төгілген мұнай қайта жинап алынды, ал, тозығы жеткен жалғау қондырғылары жаңасымен алмастырылуда. Ж.Жұмашевтің айтуы бойынша, ЖШС зауыттың бүгін қайта іске қосылатындығы туралы мәлім еткен.
Соңғы жаңалықтар