Мұнай бағасы алғаш рет 24 шілдеден бері барреліне 101 доллардан асты

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемдік нарықта мұнай бағасы сәрсенбі күні айтарлықтай қымбаттап, Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны алғаш рет 24 шілдеден бері $101 межесінен асты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

мұнай
Фото: РИА Новости

Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің бағасы алдыңғы сессияның жабылуымен салыстырғанда 3,02%-ға өсіп, барреліне $100,88 болды. Бірнеше минут бұрын көрсеткіш 24 шілдеден бері алғаш рет $101-ден жоғары көтерілді.

Осы уақытта WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 3,09%-ға қымбаттап, барреліне $95,9 болды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Brent мұнайы Таяу Шығыстағы қақтығыс аясында 100 долларға жақындағанеын жазған едік

Ал Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елімізде мұнай өңдеу қуаты жылына 39 млн тоннаға дейін артатынын мәлімдеді.