11:04, 01 Мамыр 2010 | GMT +5
Мұнай бағасы 87 долларға дейін қымбаттады
СТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат - Сәуірдің 30-ындағы сауда қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың ресми бағасы 0,98 долларға қымбаттап, 86,15 доллар/баррелді құрады.
Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,54 долларға көтеріліп, 87,44 доллар/баррельге жетті.
Осының алдындағы сауданың қорытындысы бойынша Light Sweet маркалы мұнайдың ресми бағасы соңғы аптадағы ең жоғарғы көрсеткішіне - 85,17 доллар/баррельге жетсе, Brent мұнайының ресми бағасы соңғы төрт күнде максимумға - 86,90 доллар/баррельге жеткен болатын.