05:23, 04 Қараша 2017 | GMT +5
Мұнай бағасы соңғы екі жылда алғаш рет 62 доллардан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтарында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері Лондондағы ICE биржасында өткен сауда-саттықта 2,2 пайызға көтеріліп, бір баррелі үшін 62,07 долларды құрады. Бұл туралы сауда-саттық мәліметтеріне сүйеніп, ТАСС агенттігі хабарлады.
Brent мұнайы 62 долларға соңғы рет 2015 жылдың 2 шілдесі күні көтерілген болатын. Қара алтын бағасының көтерілуіне, сондай-ақ АҚШ-тағы бұрғылау қондырғылары санының динамикасы бойынша осы аптадағы мәліметтер әсер еткені хабарлануда.