Мұнай-газ химиясын дамыту: 15 млрд доллардың 6 жобасы жүзеге асады

АСТАНА. KAZINFORM – Мұнай-газ химия өнеркәсібін дамыту Қазақстан экономикасын әртараптандырудағы басты бағыттардың біріне айналып келеді. Бұл туралы Энергетика министрлігі Мұнай-газ химиясы және техникалық реттеу департаментінің директоры Темірлан Үркімбаев айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі. 

Мұнай-газ химиясын дамыту: 15 млрд доллардың 6 жобасы жүзеге асады
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Біз бұл ретте мұнай-газ химия өнеркәсібі туралы жаңа заң әзірлеу жұмыстарын қатар жүргізіп жатырмыз. Тұжырымдамасы дайын, қазір жоба мемлекеттік органдарда келісу сатысында. Бұл заң 2026 жылы қабылданады деп күтілуде, — деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, 2024 жылдың қазан айында Үкімет 2024–2030 жылдарға арналған мұнай-газ химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі Жол картасын бекіткен. Құжат жалпы құны 15 миллиард АҚШ доллар болатын 6 ірі жобаны іске асыруды көздейді. Нәтижесінде шамамен 20 мың жұмыс орны (уақытша да, тұрақты да) ашылады. 

Айта кетейік, бұған дейін «QazaqGaz» басшысы елімізде қанша газ қоры барын атап өтті

Соңғы жаңалықтар