Мұнай-газ нарығының жеткізушілері үшін «Алаш» онлайн мәліметтер базасы іске қосылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай-газ нарығының қатысушылары үшін біріктірілген онлайн мәліметтер базасы іске қосылды. Аталған мәліметтер «Алаш» порталында www.alash-kz.com. бойынша орналастырылған.
None
None

Онлайн мәліметтер базасы бірінші кезекте мұнай-газ жобаларындағы ірі операторлар болып табылатын «Теңізшевройл», «ҚарашығанақПетролиумОперейтинг», «NCOC» компаниялары үшін құрылып отыр. Айта кетерлігі, 2015 жылы ТШО, ҚПО, NCOC және «Маерск Ойл Қазақстан» сатып алулар жиынтығының көрсеткіші - 988 млрд теңгені құраған, бұл сатып алулар нарығының 70 пайызына тең. Бұл ретте аталған компаниялардың сатып алулар процесі жабық болып келді, осының өзі оған отандық компаниялардың қатысуын қиындатқан болатын.  Осы олқылықты жою үшін біріктірілген «Алаш» базасын құру туралы шешім қабылданған.  

Қазақстан мұнайсервистік компаниялар одағының маркетинг жөніндегі менеджері Бақтыгүл Болатқалидың айтуынша, «Алаш» мәліметтер базасындағы тіркелу процесі бірнеше сағаттан екі күнге дейінгі аралықта болады. Қазіргі күнге дейін 237 жергілікті және 7 шетелдік  компания тіркелген. Бұл ретте шетелдік компанияларды тіркеу ақылы болып табылады және шамамен 170 мың теңгені құрайды.

«Тіркеу толығымен еркін сипатта болады, компаниялар тіркелмесе де болады. Алайда, біз осыны ұсынып отырмыз. Өйткені, егер жағдайға тереңірек үңілсек, онда жоғарыда аталған үш компаниядан басқа топтарда құлдырау бар. Сондықтан да, жұмыс орындарын қысқартып жатқан басқа компаниялар, банкротттық тәуекелдері бар компаниялар мемелкеттік сатып алуларға қатысуда қандай да бір мүмкіндіктерге ие болғанын қалаймыз. Тіркеу еш қиындық тудырмайды. Оның үстіне бүгінгі күні кез келген мүмкіндіктен құр қалмау жағын ойлану керек», - деді жобаны басқарушы Нияз Жұмат ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Алаш» мәліметтер базасы тәулік бойы техникалық қолдаумен қамтылған, осыған байланысты тіркелушілер кез келген сәтте базамен жұмыс туралы ақпарат ала алады. 

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар