19:06, 05 Мамыр 2009 | GMT +5
Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Exxon Mobil Kazakhstan» компаниясының өкілдерімен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында корпорацияның жаңадан тағайындалған бас менеджері Майк Крус таныстырылды.Тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, атап айтқанда, «Exxon Mobil» компаниясының кен орындарын игеру жөніндегі қазақстандық жобаларға қатысуы және компанияның еліміздегі қызметін дамытудың перспективаларын талқылады.К.Мәсімов мұнай-газ саласында жоғары жергілікті үлес бар озық технологиялы өндіріс орнын құрудың қажеттілігіне айырықша назар аударып, ҚР Үкіметі мұндай жобаларды іске асыруға көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.