Мұнай компаниялары Қызылорда облысының аумағынан үш электр стансысын салып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облысының аумағындағы екі мұнай компаниясы осында үш электр стансысының құрылысын салып жатыр. Бұл нысандар еліміз тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
None
None

Айталық, облыстағы ең ірі мұнай компаниясы - «ПетроҚазақстан ҚұмкөлРесорсиз» акционерлік қоғамы кен орнында әрқайсысының қуаттылығы 25 мВт болатын екі қосымша газтурбиналық қондырғының құрылысын бастап кетті. Олардың екеуі де жылдың аяғына дейін құрылысын толығымен бітіреді. Олар қазіргі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Қондырлығар іске қосылғаннан кейін оның өнімін «ПетроҚазақстан» және «Торғай Петролеум» мұнай компаниялары пайдаланатын болады. Бұдан бөлек, «Кристал Менеджмент» компаниясы қуаттылығы 87 мВт-ны құрайтын газтурбиналық электр стансысының құрылысын жүргізуде. Осы соңғысы облыс тұрғындарының сұранысын өтеуге үлес қосатын болады.

Соңғы жаңалықтар