11:47, 09 Мамыр 2009 | GMT +5
Мұнай компаниясы ардагерлерді құттықтап, оларға шипажайларға жолдамалар берді
АТЫРАУ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов / – Атырауда Қашаған кен орнының мұнайын тазартатын және даярлайтын зауыт құрылысын салып жатқан «Аджип ККО» компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ардагерлер «Ренессанс» қонақүйіне шақырылып, оларды компанияның басқарушы директоры Умберто Каррара құттықтады. Ол «Аджип ККО» компаниясының атынан ардагерлерге «Атырау» шипажайына 70 жолдама табыстады.