Мұнай мен газды тасымалдау әрі сақтау саласында кәсіби стандарттар жаңартылды

АСТАНА.KAZINFORM — ҚР Энергетика министрлігінде «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» бағыты бойынша Газ өнеркәсібі департаментінің жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында мұнай газ саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту және жаңарту мәселесі қаралды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Мұнай мен газды тасымалдау әрі сақтау саласында кәсіби стандарттар жаңартылды
Фото: Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігі мұнай мен газды сақтау және тасымалдау бағытындағы кәсіби стандарттарға өзгерістер енгізді. Тиісті бұйрыққа министр 2025 жылғы 15 қазанда қол қойды. Жаңартылған құжат аясында 5 кәсіби стандарт бекітілді, олар 51 кәсіби қызмет картасын қамтиды. Оның ішінде үшеуі — газ тасымалдау, екеуі — мұнай тасымалдау бағыттарына жатады.

Бекітілген кәсіптік стандарттар тізімі:

1. «Технологиялық жабдықтарды пайдалану және жөндеу»;
2. «Магистральдық құбыр желілерін пайдалану»;
3. «Компрессорлық станцияларды пайдалану және жөндеу»;
4. «Газ тарату құбырларын пайдалану және жөндеу»;
5. «Газ тасымалдауды басқару».

Мұнай мен газды тасымалдау әрі сақтау саласында кәсіби стандарттар жаңартылды
Фото: Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігінің мәліметінше, кәсіби стандарт жобасы Әділет министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми платформаға орналастыру үшін жолданды. Басқосуда ҚР Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Ержан Қошқаров 2025 жылға арналған «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» бағытындағы Салалық кеңестің жұмыс жоспары толық орындалғанын атап өтті.

Мұнай мен газды тасымалдау әрі сақтау саласында кәсіби стандарттар жаңартылды
Фото: Энергетика министрлігі

Сонымен қатар, Энергетика министрінің бұйрығымен «Мұнай мен газды өңдеу және өткізу» бағыты бойынша кәсіптік стандарт бекітілді. Аталған стандарт «Мұнай-газ өңдеу және мұнай-газ химия өнеркәсібінде өндірісті және өткізуді басқаруға» қатысты алты мамандық картасын қамтиды.

— Жыл басынан бері төрт жұмыс тобы мен төрт салалық кеңес отырысы өткізіліп, кәсіби стандарт жобалары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, салалық біліктілік шеңбері жаңартылды. Салалық ұйымдар «Мұнай және газды тасымалдау және сақтау» саласы бойынша 2026 жылға арналған 8 жаңа мамандық картасын қамтитын алдын ала Жұмыс жоспарын ұсынды. Сонымен қатар, компаниялар салалық ұйымдардағы жұмысшы мамандықтар мен салааралық және салалық мамандықтар бойынша жан-жақты талдау жүргізді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жақында Мәжіліс еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасын мақұлдады.

 

Соңғы жаңалықтар