Мұнай мен газды тиімсіз пайдаланған компаниялар 14 млрд теңге шығынды өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігі мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланғаны үшін 14 млрд теңге шығынды өндіріп алды.  

Мұнай мен газды тиімсіз пайдаланған компаниялар 14 млрд теңге шығынды өтеді
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Энергетика министрлігі және оның Атырау мен Қызылорда облыстарындағы мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның өңіраралық басқармалары реттелетін саладағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

— 2025 жылдың 9 айында көмірсутек саласындағы мемлекеттік бақылау аясында 100 тексеру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде 18 профилактикалық бақылау, 30 жоспардан тыс тексеру, 15 шарттық міндеттемелерді орындау бойынша бақылау және 37 мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы рұқсаттық тексеру бар.

Нәтижесінде 18  заң бұзуды жою туралы нұсқама берілді, 110 млн теңге сомасында 80 әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, мұнай мен газды ұтымсыз пайдалану үшін 14 млрд теңгеден астам залал өндірілді, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қосымша 4 млн теңгеге жуық айыппұл мен 2,4 млрд теңге залалды өндіру бойынша материалдар қаралып жатыр.

Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады. 

Айта кетелік Павлодарда қалдықтарды заңсыз көміп келген кәсіпорынға 28 млрд айыппұл салынған еді

Соңғы жаңалықтар