Мұнай саласында жұмыс істейтін төрт вахташы Атырау-Ақтөбе пойызынан түсірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Көлік полициясы пойыздан төрт жолаушыны түсіріп тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Көлік полицейлері Атырау-Ақтөбе пойызынан осы пойыз бастығының актісімен қоғамдық орында ішімдік ішіп, басқа жолаушылардың тыныштығын бұзғаны үшін төрт ер адамды түсірді», - деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Оның айтуынша, тексеріс барысында полиция тәртіп бұзушылардың Атырау қаласындағы мұнай компаниясында вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылары екені анықталды. Олардың жастары – 25, 31, 33 және 49-да.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, тәртіп бұзушылар орта дәрежеде мас болған.

«Жолаушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 1-бөлімі 440-бабы (алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйде келгені үшін) бойынша әкімшілік материал дайындалып, әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деді Қ. Қобландин.


Соңғы жаңалықтар