Мұнай-сервистік сала қызметкерлерінің қысартылуы Теңіз кен орнын кеңейту есебінен тежеледі - А.Құдайберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай-сервистік сала қызметкерлерінің қысартылуы Теңіз кен орнын кеңейту есебінен тежеледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКК-дегі брифингте «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағының төрағасы Алмас Құдайберген мәлім етті.
None
None

«Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты мұнай-газ компанияларның күрделі операцияларға шығындары қысқартылуда. Бұл біздің мердігер компанияларымызға кері әсерін беруде. Сондықтан да, бүгінгі күні адамдардың біразын мерзімінен бұрын демалысқа жіберуге мәжбүрміз. Өйткені, орындалатын жұмыстар көлемінің 15-20 пайызға төмендеуі орын алуда», - деді ол. Дегенмен оның айтуынша, Теңіз кен орнын игеру жобасының кеңейтілуіне байланысты жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. «Школьник мырза мәлімдегендей, егер Теңіз кен орнын жобалық кеңейту орын алатын болса, онда 25 мың, яғни Атырау облысында 20 мың, Маңғыстау облысында 5 мың жаңа жұмыс орны құрылады», - деді А.Құдайберген. Оның алға тартқан деректеріне сәйкес, мұнай-сервистік салада 150-200 мың адам жұмыс істейді. ал мұнай компаниялары шығыстарының 15-20 пайызға төмендеуі салдарынан сервистік қызмет көрсету саласының 40 мың адамы жұмыссыз қалуы мүмкін. «Яғни, бұл сан мұнай-газ саласына тартылған қызметкерлердің жалпы санына алынған. Өткен жылғы, ағымдағы жылғы және келер жылғы болжамды қысқарту есебінен жұмыссыз қалатын адамдар саны 40 мыңды құрап отыр», - деді ол. Айта кетерлігі, дүйсенбі күні Үкіметтік селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Энергетика министрі Владимир Школьник 2015 жылдың ішінде серистік қызметтер көлемі 25 пайызға қысқаратындығын айтып, ахуал осы бағытта өрби беретін болса, саланың 40 мың адамы жұмыссыз қалуы мүмкін екендігін ескерткен болатын. «Егер бұл жайт келер жылы да жалғасын табатын болса, онда қысқару тәуекелі аясына шамамен 40 мың адам тап болады. Яғни, мұнай бағасындағы ахуал дәл осылай жалғаса берсе. Бұл - сервистік компанияларға қатысты жайт», - деді В.Школьник.

Соңғы жаңалықтар