Мұнай және бағалы металдардың бағамы бойынша статистикалық мәліметтер ұсынылатын болады - Статистика агенттігі

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Биылдан бастап біз өндірістік тауарлармен бірге мұнай мен бағалы металдардың бағамы бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынатын боламыз.
None
None
Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне аталмыш мекеменің басшысы Анар Мешімбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ағымдағы жылы біз ай сайын отандық өнім мен тауарлардың, сондай-ақ импорт пен экспорт көлемінің индексін жүргізіп, еліміздегі ірі 100 кәсіпорынның тізімін шығаратын боламыз. Биыл біз өндірістік тауарлармен бірге мұнай және бағалы металдардың бағамына байланысты статистикалық мәліметтерді ұсынатын боламыз», - деді Агенттік төрайымы Анар Мешімбаева. Оның айтуынша, бүгінде халық тарапынан қағаз жүзіндегі ақпараттан бұрын электронды нұсқадағы мәліметтерге деген сұраныс артып келеді.
Соңғы жаңалықтар