Мұнай және газ министрі қызылордалықтарды Атырауда өтетін форумға шақырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин облыс әкімдігіндегі кеңейтілген мәжілісте қызылордалықтарды сәуір айында Атырау қаласында «Мұнай және газ саласындағы жаңа технологиялар» тақырыбындағы аймақаралық қазақстандық, ресейлік форумға шақырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Мәжілісте министр өңірдің мұнай және газ саласына талдау жасады. Жақсы бастамалардың бірі ретінде - LNG (СТГ яғни, сұйытылған табиғи газ) зауытының құрылысын атап өтті. Келешекте автокөліктер сұйытылған табиғи газбен жүретін болады. Осылайша, отын шығыны азайтылмақ. Сұйытылған газ орташа есеппен 30-40 пайызға арзандау. Зауыт құрылысын салуға Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен жер телімі белгіленді.

Сондай-ақ, аймақта ағылшын технологиясын енгізу көзделуде. Осы технология бойынша газ шағын құрылғылар арқылы жоғары сапалы дизельдік отынға айналдырылады.

Басқосуда министр Ұзақбай Карабалин үкіметте мұнай және газ өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша форум және семинарларды өткізу жөнінде шешім қабылданғанын тілге тиек етті. Алғашқы форум ақпан айында Ақтау қаласында ұйымдастырылды. Екіншісі Орал қаласында өтеді. Одан кейін, бұл бастама Қызылорда мен Атырау қалаларында жалғасады. Ведомоство басшысы қызылордалық мұнайшыларды осы іс шараларға араласуға ұсыныс білдірді. Қазақстандық үлесті арттыру жөнінде Ұ.Қарабалин тек ірі компанияларды ғана емес, шағын және орта кәсіпорындарды да бақылауға алатын уақыт келгендігін айтты. «Дегенмен, өндіруші ұсынған тауарлар мен қызметтердің сапасы нашар болса, біз оны қорғауға міндетті емеспіз», - деді ол. Мұнай және газды өндіру өте қауіпті өндіріс саласы болып табылады. Сондықтан кез келген ақаулық жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына немесе өңірдің экологиясына зиян келтіру мүмкін екендігін атап өтті.

Жиыннан соң ҚР Мұнай және газ министрі бірқатар өнідіріс орындарын аралап көрді. Жосалыда салынатын сұйытылған газ зауытының орнымен танысты. Сондай-ақ, Қармақшы ауданының активімен кездесуінде Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын мақсат-мүдделер айқындалды.

Соңғы жаңалықтар