Мұнайлы елдің мүмкіндіктері

Американың Энергетика министрлігінің ресми ақпараттық бөлімшесі болып табылатын Energy Information Administration мұнай өнеркәсібінің біздің мемлекет үшін қаншалықты маңызды екенін былайша суреттейді: «Қазақстанның мұнай экспорты ел экономикасының фундаменті болып табылады және де ол нақты ішкі өнім көрсеткішінің соңғы жылдары жоғары деңгейде қала беруін қамтамасыз етті». Бұл ақпарат көзінің айтуына қарағанда, Қазақстанның өскелең мұнай өнеркәсібінің үлесі елдегі жалпы ішкі өнім көрсеткішінің шамамен 30 пайызын, экспорттан түсетін табыстың жартысынан астамын құрайды екен.
Қазіргі уақытта Қазақстан бүкіл әлемдегі жалпы мұнай өнімінің (күніне 94 млн. баррельден астам) 1,8 пайызын (күніне 1,70 млн. баррель) беріп отыр. Дүние жүзіндегі ең ірі өндірушілер қатарында еліміз 2014 жылдың аяғында 17-інші орында болған. Бір қарағанда, бұл онша биік жетістік емес сияқты. Бірақ, бұған дейін еліміздің бұл тізімде кем дегенде 10 саты төмен тұрғанын ескерсек, осы нәтижені басқаша бағалауға тиіс екенімізді түсінеміз. Бұл Қазақстандағы мұнай өнімінің осы кезең барысында 2 еседен астам ұлғаюы арқасында мүмкін болды.
Бұл саладағы өндірістік көрсеткіштер алдағы уақытта да өсе бермек. Өйткені елімізде ашылған, игерілген немесе игерілу үстіндегі мұнай қорының көлемі - ғаламат зор. Оны игеруге жұмсалып жатқан инвестиция көлемі де өте үлкен. «ҚазМұнайГаздың» бұрындары жарияланған мәліметтеріне қарағанда, тек Каспий қайраңындағы жобаларға салынатын инвестицияның жалпы көлемі 2003-2005 жылдардағы 3,8 млрд. доллар деңгейінен 2011-2015 жылдар тұсында 16,8 млрд. доллар деңгейіне дейін өседі деп жобаланған көрінеді.
Қазақстандағы мұнай қорының басым бөлігі батыс өңірде шоғырланған.
Мәселен, ең ірі деген үш кенішімізді - Теңіз (9 млрд. баррель), Қарашығанақ (2,3-6 млрд. баррель) пен Қашағанды (9-13 млрд. баррель) алайық.
Бұлардың жалпы қоры 20,3 млрд. баррельден 24 млрд. баррельге дейін барады екен. Басқаша айтқанда, еліміздегі 26 кеніштің жалпы қорының шамамен үштен бірі осы үшеуінің еншісінде. Олар Қазақстан мұнай өнеркәсібінің ғана емес, жалпы ел экономикасының басты байлығы болып табылады. Өйткені бұл кеніштерде ғаламат көп шикізат қоры барланған және дәлелденген.
Алғашқы екеуі - Теңіз бен Қарашығанақ - 1980-інші жылдардан бері игеріліп жатыр. Бірақ олардан ең көп пайда түсер кез әлі де алдағы уақыттың еншісінде. 2014 жыл барысында Теңіз 26,7 млн. тонна өнім немесе шамамен алғанда бүкіл Қазақстанда өндіріліп жатқан мұнай мен газ конденсатының 28 пайызын беріп отырған. «Шеврон/Тексако» компаниясы өкілдерінің айтуына қарағанда, «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны үстіміздегі онжылдықтың аяғына таман күндік есеппен алғандағы өнім көрсеткішін 36 млн. тоннаға дейін жеткізуге баратын көрінеді. Қарашығанақта кейінгі жылдар барысында 11-11,5 млн. тонна мұнай және газ конденсаты өндіріліп тұрған. Бұл - бүкіл Қазақстан өнімінің шамамен алғанда 15 пайызы. Басқаша айтқанда, осы екі кеніш бүгіннің өзінде еліміздегі жалпы өнімдік көрсеткіштің 43 пайызын қамтамасыз етуде.
Ал жоғарыда аталған 3 кеніштің соңғысы және ең ірісі - Қашаған енді ғана игеріле бастады. Оның өнім беруі 2016 жылы басталып, жоспарлы күшіне енген соң, аталған үш кеніштің үлесі Қазақстан мұнай өндірісінің негізін құрады. Сонда түсетін табыс, ең алдымен, оларды игеруге арналған жобаларда меншіктік еншілері бар құрылымдарға бұйырмақ. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнындағы Қазақстанның үлесі - 20 пайыз. Қашағанды игеріп жатқан құрылымдағы еліміздің еншісі - 16,877 пайыз. Бұның өзі кейінгі жылдары ғана сатып алынды. Бұрындары онда Қазақстанның үлесі жоқ болатын.
Қорытындылай айтқанда, қазіргі жаһандық дағдарыс жағдайында еліміздің сенім артып отырған қара алтыны (қорытынды жазу)