Мұнайшылар бүлдіршіндерді қуантты - Қызылорда
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы 18 жылдан бері Қазалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығын және 16 жылдан бері Жаңақорған ауданындағы «Балғын» балабақшасын толық қамқорлығына алып, олардың қандай да бір мұқтаждықтарын дер кезінде шешіп беруден аянып қалған емес. Бұл орайда көңілге қуаныш ұялататыны - күнкөрісі төмен жерлестерімізге көмек тек «ПетроҚазақстан» компаниясының тұтастай әлеуетімен ғана беріліп қоймай, компанияның қызметкерлері де өз жеке қаражаттарымен көмек қолын созады. Жақында олар Жаңақорған ауданындағы «Балғын» балалар бақшасында болып, қайырымдылық акциясын өткізді. Мұндағы балалар мұнайшы ағаларының қолдарынан құммен сурет салуға арналған екі үлкен жарықтандырылатын стол-планшет, қағазға сурет алуға арналған екі мольберт жиынтығын, бала интеллектісін дамытуға арналған ойыншықтар, сонымен қатар жұмсақ ойыншықтар алды.
«ПҚҚР» АҚ сияқты ірі мұнай компаниясындай қамқоршысы бар балаларымыздың несібесі бар. Оның нәтижесін балғындар мен олардың ата-аналарының шуақты күлкі мен ризашылыққа толы қуанышты жүздерінен көруге болады»,- дейді «Балғынның» әдіскері Гүлмира Сейілова.
Жаңақорған ауданында мектепке дейінгі балаларға арналған бес мемлекттік және отыздан астам жеке тәрбие мекемелері бар. «ПҚҚР» АҚ жетім балаларға, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған бұл балабақшаға үзбей қамқорлық жасауы облыстың осы ауданында халықтың аз қамтылған бөлігінің үлес салмағы басқа аудандарға қарағанда жоғары екендігін растайды.