Мұнайшылар мүмкіндігі шектеулі балаларды қуантты - Қызылорда

«Шапағаттың» медициналық-психологиялық және педагогикалық көмегін 40-тан астам мүмкіндігі шектеулі бала көріп келеді. Олардың барлығы да осынау мейрам күні кейбіреуі өз бетінше, кейбіреуі ата-анасының көмегімен ғажайыптар әлеміне еніп, жаңажылдық ертегілер еліне сапар шекті. Оларды қарсы алған ертегілер кейіпкерлері - қу түлкі, аппақ қар, ковбойлар, сүйкімді ханшайымдар және бала біткен асыға күтетін Аяз Ата мен Ақшақар балаларды шат-шадыман қуанышқа кенелті. Олармен қол ұстаса шыршаны айнала асыр салып, түрлі ойын ойнаған, конкурстарға қатысып, мерекенің маңызын арттыратын тәтті сыйлықтарға кенелген балалар мәз-мейрам болды. Бұл күні «ПетрҚазақстанның» жаңажылдық сыйлығын - көзтартымды қуыршақтар, машиналар, жұмсақ ойыншықтар және тамсандырар тәттілерді «Шапағаттық» балалар жүздері бал-бұл жанып, қуана алды.
Бүлдіршіндер, ата-аналар және тәрбиешілер науқас балалардың жанын түсініп, қайырымдылық жасаудан танбайтын өздерінің демеушілеріне шексіз ризашылықтарын жетізді.