Мұны ақтайтын ешқандай себеп жоқ: Президент жақынын жоғалтқандардан кешірім сұрады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен көз жұмған орманшылардың туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Мен сіздерге көңіл айту үшін арнайы келдім. Екіншіден, жан-жақты көмек көрсетілетінін айтуға келдім. Қаржылай да, басқа да көмек көрсетіледі. Балалар балабақшаға, ЖОО-ға орналастырылады – бәрі орындалады. Мен, әрине, сіздермен біргемін. Сіздер – еліміздің азаматысыздар. Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады. Мұны ақтайтын ешқандай себеп жоқ. Тағы да айтамын. Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар