17:52, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Мұражайлар мен мәдени мұра: проблемалар, жетістіктер, перспективалар - Атырауда өткен аймақтық кеңес
АТЫРАУ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атыраудағы кеңейтілген аймақтық кеңесте «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын орындауда мұражайлардың қазіргі қоғамдағы жаңа рөлі және олардың міндеттері туралы әңгіме болды.

«Мұражайлар мен мәдени мұра: проблемалар, жетістіктер, перспективалар» атты кеңеске Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан келген делегация және көршілес РФ Астрахан облысының мұражай қызметкерлері қатысты.
Қорытындысында, бірнеше ұсыныстар қабылданды. Қазақстандық мұражайлар мен Астраханның мұражайлары арасында көшпелі көрмелерді тұрақты алмасуды жолға қою; Ақтөбе-Лаэти қалашығында археологиялық жұмыстар жүргізу және қалашықты ашық аспан астындағы мұражай-қорыққа айналдыру; ғылыми каталогтар, кітап-альбомдар және жолсілтегіштер шығаруды жолға қою жөнінде шешім қабылданды.