Мұрынсыз туған бала екі жасында көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та мұрынсыз дүниеге келген бала -Тимоти Эли Томпсон екі жасында көз жұмды. Сәбидің қайтыс болғаны жайлы «Фейсбукте» оның әкесі Джереми Финч хабарлады.

Мұрынсыз туған бала екі жасында көз жұмды

- Біз кішкентайымызды өткен түні жоғалттық. Неге бұлай болды... ішімді жегідей жеген қайғы басылар емес. Бірақ мен өмірімде осындай сүйкімді баланың болғаны үшін тағдырыма  ризамын,-деп жазды  Джереми.

Ариния -  патологияның сирек түрі, бұл - мұрынның жарым-жартылай немесе түгелдей болмауы.

Ол жаңа туған сәбилердің 197  миллионының ішінде  бірінде ғана кездеседі. Әлемде осындай 36  бүлдіршін ғана болған.

Туғаннан кейін бес күн өткен соң Эли Томпсонның кеңірдегін тескен. Соның арқасында оның тыныс алуы жеңілдеді.  Бірақ көп уақытқа дейін ешқандай дыбыс шығармаған көрінеді. Осыған байланысты ата-анасы сәбилерінің денсаулық жағдайын ұдайы қадағалайтын болған.

Дәрігерлер балаға ота жасап, мұрын «сыйлауға» әзір де еді. Бірақ Элидің туыстары оған қажетті ақшаны жинап үлгере алмады.