18:57, 23 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Мұсабек Әлімбеков пен Жолымбет Байышев ЕурАзЭҚ Сотының судьясы болып тағайындалды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Бүгін Санкт-Петербордағы ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының он үшінші отырысында ЕурАзЭҚ судьяларының кандидатуралары бекітілді.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін Қоғамдастықтың жаңа сот органында қазақстандық тараптан Мұсабек Әлімбеков пен Жолымбет Байышев болады.
Естеріңізге сала кетейік, ЕурАзЭҚ Сотының судьяларының кандидатуралары Қоғамдастық құрамындағы елдер президенттерімен ұсынылған.