Мүсін әлемінің алтын адамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ата-бабамыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздігімізге қолымыз жетті! Шүкір дейміз. Арайлы таңдар алаулап атты. 1991 жылдың 16 желтоқсанында егеменді ел екенімізді барша елге жарияладық, деп жазады «Айқын» басылымы.
None
None

Енді Тәңірдің сыйы - Тәуелсіздіктің символына айналар ескерткіш жасау мәселесі алдымызда тұрды. Ұзақ толғаныс пен қажырлы еңбектің арқасында оны да жүзеге асырдық. Бұл күнде Алматы қаласының жаңа алаңындағы тұғырда орналасқан, қанатты барыстың үстінде кеудесін кере, қасқайып тұрған «Алтын адамның» бейнесін білмейтін қазақ бар ма екен?!. Алайда, мүсін авторының кім екенін, шынайы өнер туындысы қалай пайда болғаны жайында мағлұмат кемшін. 

Әділет Жұмабай - аты-жөні ал­ғаш­қы рет естілгендей, баршаңызға таң­сық болып тұрған шығар? Бол­мысынан талантты Әділет Жұмабай қа­зақтың тұңғыш ғарышкерін көз ал­дына елестетіп, жансыз ескерт­кіш­ке қайсарлығын қару қыл­ған Тоқ­тарлық тұрпат, Әубәкіровтік әлем сыйлады. 
Тараз өңірінде тіршілік кешіп жат­қан Жұмабай әулеті ерек өнер су­ретшілікке қанымен де, жанымен де жақын еді. Асқар тау әкесінің, бауыр еті бауырларының сырлы су­рет салғандарын көріп өскен бала Әді­лет те осы өнерге қызығушы­лы­ғын балғын шақтан оятады. Қиялы қиян­дарға самғап мектеп қабыр­ға­сында оқып жүріп, өз бетінше сурет студиясына жазылады. Кейін ересек тартып, жүйрік арманымен асау құл­шынысы маза бермеген ­боз­баланы тағ­дыры Алматы атты алып шаһарға же­телеп әкелді. Сол 1975 жылы Го­голь атындағы сурет училищесіне  (Қа­зіргі Орал Таңсықбаев атындағы өнер колледжі) «қолөнер кәсібіне» түс­кен-ді.Үздік оқығаны үшін­ бір жыл­дан кейін студент Әділетті Мәс­кеу­ге жолдамамен жібереді. Мәс­кеу­де­гі В.М Васнецов атындағы Аб­рамцев көркемсурет училищесін­де «Ағаш қолөнері» бөлімінде 3 жыл оқып, тың біліммен шыңдалып, 1979 жылы аталмыш оқу орнын ойда­ғы­дай бітіріп шығады. Ресейдегі атақ­ты Строганова, Репин сынды өнер ошақ­тарынан білім алған саңлақ су­ретшілерден тағылым алады. Боз­ба­ланың таудай талабын байқап, бо­лашағына бағалы бағдар берген ті­келей ұстазының айтқан сөзін Әді­лет мәңгі ұмытпай, жадында сақтап жүр­ді.Мүсінші Юрий Павлович: «Әділет, сен мүсінді жақсы жасайды екенсің! Талабың бар екен. Бола­шақ­­та қолөнермен қалып қоймай, клас­сикалық өнерге көш.Мүсінші бол» деп тілектестігін танытқан. Ұла­ғатты ұстазының жол көрсетуі, соқ­пақты өнер жолында тәуекелшіл болуға негіздегені анық еді.
Әділет қуанышпен елге оралған сә­ті жайлы: «Менің бағыма орай, Мәс­кеуден келгенде, Алматыда театр жә­не сурет өнері институты ашылған. Сол институтта «монументалдық мү­сін» мамандығына түстім. 5 жыл қа­зақтың ұлы мүсіншісі Төлеген Дос­мағамбетовтің қолында білім ал­дым. Оқуды аяқтар жылы тобы­мызбен дипломдық мүсінге әртүрлі жоба жасадық.Мен «Айша бибі» мүсінін жасап, жоғары баға алдым. Төкең (Т.Досмағамбетов) менің «Ай­ша бибі» образымды қабылдаған бо­латын» дейді. Диплом қорғау кү­нін­де Мәскеуден арнайы келген ше­­бер мүсінші Бурганов Дос­ма­ғам­бетовтің алғашқы түлектеріне ерек­ше риза көңілмен: «Бірінші бітіруші курс­қа қарамастан сендер өз биік­те­рің­нен көріне алдыңдар» деп, жылы ле­бізін білдірді. Осылай Әділет Жұ­ма­бай бастаған бір топ шебер­лер­қазақ елінде мүсін мамандығының алғашқы қарлығаштары атанды. Бұл да тарих!    Дипломдық «Айша бибі» мүсінінің Беларусь елінде өткен көр­меге қатысуы талантты Әділет­тің­ та­л­а­бын одан әрі шыңдай түсірді.Осы­лайша Әділет «мүсін» деп ата­ла­тын киелі өнерді кеудесіне тұмар етіп, өмірімен мәңгіге ұштастырды.
Жұрт назарына ұысынылған ал­ғашқы мүсіндерінің бірі - қазақ ұл­­ты­ның мерейін асқақтатқан бокс­шы Серік Қонақбаевтың портреттік бьюсті.Талмай, іркілмей ізденіс­тер­мен күн кешкен мүсінші көптеген шы­ғармашылық туындыларымен қатар, Абай, Шәкәрім, Жамбыл сияқ­ты заңғар тұлғалардың мүсін­дерін жасап, жарыққа шығарады.Алматы қаласындағы Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының ауласындағы Ахметтің ескерткіші де - кемелденген мүсіншінің еңбегі.Шығармашылық жұмыстарының бірқатары Қастеев музейінде, Кітап музейінде, Орталық музейлерінің қорында сақтаулы.    
Еліміз жаңа кезеңге бет бұр­ған­да,1993 жылы Елбасы Тәуелсіздік мону­ментін жасау қажет деп, та­ны­мал сәулетші Шот-Аман Уәлиха­нов­қа ұсыныс жасады. Мүсіншілер ара­сында конкурс жарияланып, бас­қалармен бірге Әділет те қаты­сып, әртүрлі мүсіннің нобайын жа­сап, ізденіп бағады. Кез келген істің сәтті шығуы ізденіске, білімге һәм терең қиялға байланысты болмақ.Жаратқан сәтін салып, Әділеттің еңбегі баршаның көңілінен шығып, биік тұғырға орнатылады. Жиыр­ма­сыншы ғасырдың мәресіне жақын­да­ған тұстан бастап, бүгінге дейін ел тәуелсіздігінің алтын бесігі санала­тын Алматы шаһарының орталық а­лаңында тәуелсіздіктің символы алыс­тан асқақтап, қазақ елінің ай­бы­нын асыруда.
Әділет Жұмабай осы туындысы ха­қында: «Мен Алтын адамның қа­сына жануар болса дедім, оның ішін­де барыс болса деп ойладым.Се­бебі ол-заңғар биікте ғана ғұмыр ке­шетін айбары бар аң» деп жасалу та­рихынан сыр шертеді.
Жұртқа беймәлім бір деректі ай­та кетейік. Мүсінші бірінші нұс­қа­сында барысты Алтын адам қасында жіпке байланғандай етіп жасаған. Бірақ сәулетші жобалаған монумен­ті­нің үстінде орнатылуға бұл нұсқа­сы келмегендіктен, басқа түрін жа­сау­ға бел буған.
«Барыс үстіндегі Алтын адам» се­кілді мүсіндер ежелгі Персия, Ме­сопотамия т.б көне елдерде болғаны тарихтан аян. Аталған елдердің мү­сін­ш­ілері «патшаны арыстанның не ба­рыстың үстіне орналастырып» жа­сайтын болған» дейді үнемі жан-жақты ізденіп, сауаттанып жүре­тін мүсінші бір сөзінде.
Бойында қазақилығы атойлап тұратын Әділеттің қашанда «ұлт үшін, қазақ үшін» деген ұранда бол­ған­дығы жасаған құнды дүниелері­нен айқын көрінеді. Сондықтан да Тәуелсіздік монументіндегі «Алтын адамды» жай ғана тұрған Алтын адам емес, қиял қанатында қалықтап бара жатқандай әсерге бөледі.
Қалтасының қамын ойлап, жа­сан­ды өнерді жанына серік ету - Әді­леттің табиғатына жат.Шала тірлі­­к­ке жаны қас мүсіншіні бүгінде әріп­тес достары «Алтын Адам» еді ғой­ деп еске алады... Ал біз мүсін ма­ман­дығының алғашқы қарлыға­шын ұмыт қалдырған жоқпыз ба?!. 

 

Әсет Ақмолда,
Астана қаласы. 
Қазақ Ұлттық өнер университеті.

 

 

Соңғы жаңалықтар