Мұстафа Өзтүрік мені Қазақстанда карате мектебін ашуға шақырған еді — спортшының Германиядағы досы
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақ таэквондосының негізін қалаушы, таеквондодан қара белбеу 6 дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүрік тірі болғанда бил 70 жасқа толар еді. Германияның Кельн қаласында тұратын Мұстафа Өзтүріктің сырлас досы Ғани Макин спортшыны сағынышпен еске алып, Kazinform тілшісіне өз естеліктерімен бөлісті.

«Мұстафа шетелдегі қазақтардың жарық жұлдызы еді. Мен Мұстафа мен бірге өстім. Ол таэквондо мен карате өнері бойынша жаттықтым. Екеміз жақын дос болдық. Мұстафа сыртта жүріп, әкесінің қайтыс болғанын көре алмай қалған еді. Әлі есімде бір күні кеште екеміз әңгімелесіп отырдық. Ол маған әкесін айтып, көзіне жас алып өзінің жазған өлеңін көрсетті. Мен оның жүрегін жарып шыққан сөздерін домбыраға салып, әуен жаздым. Бұл ән кейін «Жұлдыздарды тілейсің бе» деген атпен ел арасына тарады. Әкеге деген үлкен тебіреністен туған ән бұл күнде ел жүрегінде», - дейді ол.
Сонымен бірге спортшының досы өзін қазақ еліне шақырып, «бірге жұмыс жасайық», деген Мұстафаның ұсынысын уақытында қабылдап келе алмағанына өкінетіндігін жеткізді.
«Ол Қазақстанда таэквондо мектебін ашты. Сол кезде маған хабарласып, қазақ еліне келіп карате мектебін ашсаң деп өтініш айтты. Мен отбасылық жағдайыммен бара алмайтынымды айтқан едім, маған өкпеледі. 6 ай бойы сөйлеспей қойған еді. Кейін құрбан айт кезінде Түркияға келіп, осында жолықтық дастархан басында әңгімелестік. Мен Қазақстанға барып, карете мектебін құратын болдым. Ол кісі Қазақстанға ұшып кетті. Менде құжаттарымды жинап көшуге реттеліп жатқанмын. Бір аптадан кейін Мұстафаның Алматыда қаза тапқаны туралы қаралы хабар алдық. Жүрегім қан жылады, менің Қазақстанға келу жоспарымда сол күні тоқтады», - дейді Ғани Макин.