Мұстафа Шоқайдың қомақты еңбектері қазақ тіліне және басқа өзге тілдерге де аударылып, насихатталуы қажет - Қара Әбдіуақап
Бұлардың барлығы оның қомақты еңбегі «Яш Түркістан» жұрналының 1929-1939 жылдары арасында жарияланған 117 санында орын алды. Өкінішке орай, асыл азамат бүкіл өмірін сарп етіп бір жеке жеке өзі осындай үлкен және Қазақстан тәуелсіздігін баянды ету үшін құнды мұра қалдырып отырғанда, біз тәуелсіздікке қол жеткізген 20 ішінде 16 миллион халқы болып соның сол мұрасын зерттеп бүкіл сандарын толығымен қазақ тіліне аударып басып шығара алмадық. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Мұстафа Шоқайдың ғылыми мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми конференция барысында Мимар-Синан университетінің профессоры Қара Әбдіуақап айтып, өкінішін білдірді.
Оның айтуынша, өткеннен сабақ алмай, келешекке бағдар жасау мүмкін емес. «Мұстафа Шоқай елім, жерім, отаным деп жүріп шетелге шықты сол үшін есіл азамат құрбан болды. Ол онда жүре отыра Кеңес Одағының қол астындағы Қазақстан тіпті, бүкіл Түркістан үшін тәуелсіздікке қалай жететіні, тәуелсіз болғанда қалай өмір сүре алатындығы жөнінде ойланып,толғанып баға жетпес, құнды идеялар тастады. Оның сол идеялары бүгінгі күні Қазақстанның жүргізіп отырған саясатында бір шеті ғана көрініс табуда. Біз әлі де оның тәуелсіз ұлттық қазақ мемлекеті туралы айтқан пкірлерін талдап, Қазақстанның егемендігін нығайту барысындағы іс-шараларға пайдалануымыз керек»,-деді Қара Әбдіуақап.
Ол конференция барысында сондай-ақ: «Мұстафа Шоқай мұралары, түркі тілінде арап әріптерімен басылған журналдары ең алдымен қазақ тіліне, сосын басқа тілдерге аударылып, насихатталуы қажет»,- деп атап өтті.