Муз-ТВ сыйлығына үміткерлер Астанада әлеуметтік акцияға қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Муз ТВ: гравитация» сыйлығы аясында 4 маусымда ресейлік және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Біз инклюзивті қоғам үшін» атты әлеуметтік акция өтеді.
None
None

Бұл туралы Астана қаласының ресми порталы хабарлады.

Шара аясында нашар көретін және зағип балалар белгілі әнші Диана Гурцкаямен кездеседі; Никита Пресняков, «Ринго» және «Multiverse» тобының музыканттары есту қабілеті нашар балалармен футбол ойнайды; «M BAND» тобы флешмобқа, ал «Градусы» тобының әншілері робот құрастыру техникасы бойынша шеберлік сабағына, «Дискотека Авария» тобы инклюзивті арт-студия суретшілерінің көрмесіне, «А Студио» тобы «Арай» саябағында жаңа пандустың ашылуына қатысады.

Төрт күн бойы қалада 12 тақырыптық алаң ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі жеткіншектер мен балалар үйлерінде тәрбиеленушілер Муз-ТВ сыйлығының номинанты атанған ресейлік және қазақстандық эстрада жұлдыздарымен жүздеседі.

Шараның мақсаты - қоғамға балалардың таланты мен мүмкіндігін дамытуға кедергі болмау керек екенін көрсету.

Қазіргі заманғы музыка әлемінде маңызды орын алатын Муз-ТВ сыйлығы шарасы тұңғыш рет Мәскеуден тыс жерде өткізіліп отыр. «Біз инклюзивті қоғам үшін» атты әлеуметтік акцияға тартылған балалар гала-концертке тегін кіреді.

Соңғы жаңалықтар