23:15, 26 Шілде 2012 | GMT +5
Муз-ТВ телеарнасы «Ю» телеарнасы болады
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың күзінде "Муз-ТВ" телеарнасы күрделі өзгерістерге ұшырайды. Теларнаның атауы ғана емес, құрамы да өзгеретін болады.

Көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген «Муз-ТВ» телеарнасы бұдан былай «Ю» деп аталмақ. Ол тек көңіл-көтеретін бағдарламаларды көрсететін болады.
«Ю» телеарнасы Ресейде ғана көрсетілетін болады, ал «Муз-ТВ» кабельді арнаға арналып, клип және чарт көрсетілетін классикалық музыкалық арна ретінде жұмыс істеуін жалғастырады.