Мұз үстінде қалған балықшыларды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Фин шығанағында бөлініп кеткен мұздан балықшыларды  құтқару операциясын куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Мұз үстінде қалған балықшыларды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды

Онда мұз құрсауында қалған бірнеше адамның арқанның көмегімен қауіпсіз жерге жылжып келе жатқаны көрінеді. Шағын «сал» үстінде кез келген сәтте суға құлап кету қаупі туындаған  алты адам болған. Бір қуанарлығы, операция сәтті аяқталды, ешкім зардап шеккен жоқ.