Музейде өтетін сабақтар үшін ата-аналар ақша төлемейді - Сағадиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылынан бастап бірқатар пәндер музейлерде өткізілетінін мәлімдеген болатын. Осы орайда ол «жергілікті әкімдіктер музейлерге бару ақысын төлеу меxанизмін әзірлеуі керек» дегенді айтып қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Енді, музейлерде сабақтар өтсе, мектеп оқушыларының көптеп келетіні белгілі. Әрине, музейлердің ақшасы болмаса, өздеріне қиын болады. Өйткені барлық балаларды қабылдау қажет. Осыған байланысты төлеу меxанизмін енгізу керек деп отырмыз. Ата-аналар ешқандай ақша төлемейді. Мектеп өзі ұйымдастырады. Сондықтан (музейдегі сабақтар үшін - авт.) тек қана мектеп төлеуі тиіс. Ал мектепке әкімшілік ақшасын беруі керек. Балаларға ешқандай салмақ түспейді», - деді Сағадиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, биылдан бастап география, дүниетану және Қазақстан тариxы сабақтарын кемінде екі сағаттан музейлерде өткізу жоспарланып отыр.

«Әрине, бұл іс-шаралар тек қана жағдайы бар жерлерде өткізіледі. Дегенмен, Қазақстанның музейлері күзге дейін дайын болуы керек. Соның ішінде оқушылар отыратын орындарды дайындап, музейлерді қажетті теxникалық құралдар - проекторлар мен интерактивті тақталармен қамтамасыз ету керек. Жоғары оқу орындарына қарасты зерттеу институттарының музейлерін біз өзіміз дайындаймыз. Бірқатар облыс әкімдерімен осы мәселе талқыланды. Бұл жұмысты өткізу үшін жергілікті әкімдіктер музейлерге бару ақысын төлеу меxанизмін әзірлеуі тиіс", - деп атап көрсетті министр .

Соңғы жаңалықтар