17:15, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Музейлер ел өңірлерін құнды жәдігерлерімен таныстыруы керек - А. Мұхамедиұлы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Музейлер өзге өңірлерде көрмелер өткізу керек. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Қазақстан аумағында құнды жәдігерлері бар музейлер көп екеніне тоқталған министр, «өкінішке қарай біздің бірде бір орталық мұражайлар шалғай жатқан елді мекендерге өз көрмесімен шығып жатқан жоқ. Барлық шараларды өзінде ғана өткізеді. Атап айтқанда, ел өңірлерінде қызықты дүниелер баршылық. Мәселен, Атыраудан Өскеменге келіп, осындай шаралар ұйымдастыруы керек. Бұның барлығын тиісті деңгейде үйлестіру үшін бізге көркемдік кеңес қажет»,-деді.
Сондай-ақ музейде ғылыми-танымдық орталық болуы керек.