Музейлер мен архивтер қызметкерлері елорда атауының өзгеруіне пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы музейлер мен архивтер қызметкерлері ел астанасына Тұңғыш Президенттің аты берілуіне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан халқы кешеден бері үлкен саяси-тарихи оқиғаның куәсі болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемге әйгілі ұлы тұлға болып қала беретіні сөзсіз. Тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті өз тағдыры туған халқының тағдырымен егіз екенін айтып қана қоймай, іс жүзінде дәлелдеп келе жатқан біртуар қайраткер. Ұлт көшбасшысының елге деген қамқорлығы - соның бір ғана дәлелі. Сондықтан да, өз қолымен іргетасын қалаған астанамызға еліміздің Тұңғыш Президентінің аты беріліп, «Нұрсұлтан» деп аталып жатса, бек қуаныштымыз және де барша xалық болып бұл бастаманы қолдауға шақырамыз!» - деп жазды Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ұжымы Фейсбутегі парақшасында.

Бұдан бөлек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Есік» мемлекеттік тариxи-мәдени қорық музейі ұжымы Парламент палаталарының бірлескен отырысында елордаға Елбасының есімін беру бастамасының талқылануы тарихи оқиға екенін атап өтті. Осы орайда мәдениет саласының мамандары әлеуметтік желіде қаланың жаңа атауына қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар
telegram