Музыкалық орындаушылардың одағы құрылады

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда  музыкалық орындаушылардың   қоғамдық бірлестіктері  бірігіп  одақ құрғандарын мәлімдеді,
None
None

          деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         "Одақ деген - ұжым.  Ұжым - сіз бен біз. Бүгінгі таңда жүйеленіп істеліп жатқан іс аз. Одақ - әртүрлі бағыттағы бүкіл орындаушылардың мұң-мұқтажын шешіп, арман-тілектерінің орындалуын қамтамасыз ететін болады. Мәселен,   Республика  сарайында жылына бәленбай концерт өтеді. Оның ішінде іліп алары аз. Қалғаны не орындаушыға қуаныш әкелмейді, не көрерменге ләззат бермейді.   Біз өзіміз өспей, мәдениетімізді өсіреміз деген жай  әңгіме.  "Бірлік түбі - береке" дегенді еске алатын уақыт жетті", дейді "Демеу" продюссерлер мен орындаушылар одағының" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қыдырәлі Болман.   "Қазақ әуендерінің орындаушылары одағы" мен "Демеу" продюссерлер мен орындаушылар одағының" біріккенін хабарлаған танымал әншінің айтуынша, бұған әлі күнге  дейін орындаушылар құқығын қорғаудың   жүйеленбеуі түрткі болып отыр. Енді атқарылатын барлық жұмыстар "Демеу" продюссерлер мен орындаушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің  стратегиялық іс-жоспарлары  бойынша жүзеге асырылатын болады. 2005 жылы құрылған бұл бірлестік әлі күнге дейін құзырлы органдарда ресми түрде тіркелген бірден-бір одақ саналады. Бұған дейін аймақтық жетекші телеарналармен  және еліміздегі бүкіл филармониялар мен концерттік залдармен келісімшарт  жасап қойған олар  қазір оны кеңейтіп жатыр. Бұл келісім бойынша одақ жанынан сайланбалы түрде құрылатын біліктілік кеңесінің шешімі бойынша үздік деп танылған бейнебаяндар телеарналарда тегін көрсетіледі. . Сондай-ақ одақ жанынан концерттерді ұйымдастыратын және өзге де кәсіби қызмет  түрлерін ұсынатын компаниялар ашылатын болады.

Соңғы жаңалықтар