Мыңдаған дельфиндерге косаткалардың шабуылы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Калифорния суларында торуылдаған косаткалардан дельфиндер тобының қалай құтылмаққа әрекеттенгені түсірілген видео пайда болды.
Бұл кадрларды американдық Майкл Сэк жариялады.
Бұл оқиғаны көзімен көрген ол: «керек уақытта керек жерге тап болдым, менің жолым болды»,-деп жазды.
Кадрлардан мыңға таяу дельфиндердің іздеріне түскен ондаған жыртқыштардан құтылу үшін суды қақ жара, жанталаса қашқан сәттері көрініп тұр.