14:13, 09 Мамыр 2009 | GMT +5
Мыңдаған қостанайлықтар Жеңіс саябағына келді
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанайдың Жеңіс саябағы бүгін Ұлы Отан соғысының қаһармандарын еске түсіруге ниеттенген адамдарға тола болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Таңертең облыс әкімдігі алдындағы алаңда митинг-шеру болып өтті. Одан кейін соғыс ардагерлері мен жергілікті әкімшілік басшылары Жеңіс саябағына бет түзеді. Салтанатқа қатысушылар мен қала тұрғындары Құтқарушы-жауынгер монументі жанында «Соғыс жылдарынан көріністер» деп аталатын театрландырылған қойылымды тамашалады.
Қостанайлықтар Мәңгілік алауға және монументке гүл шоқтарын қойды.