Мыңдай мүмкіндігі шектеулі жан шипажай-курорттарда ем алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес, 26468 мүгедек бар. Оның ішінде I топтағы - 2519, II топтағы - 10946, III топтағы - 9069, 18 жасқа дейінгі - 3934 мүгедек балалар тіркелген. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен 2014 жылы мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен және санаторий-курорттарда емделуді қамтамасыз ету мақсатында 238,3 млн. теңге бөлінді.

Мүгедектерге осы жылы санаторий-курорттарға 998 жолдама қарастырылып, «Жаңақорған», «Денсаулық», «Taraz Recorst SPA» шипажайларында емделуге жіберілді.

Протезді-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету үшін «Алматы протез-ортопелиялық орталығы» АҚ-мен 73,5 млн. теңгеге келісімшарт жасалған.

Үйде қызмет көрсетілетін 879 жарымжан жалғыз басты қартқа және осындай 1247 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Мүгедектерге арналған оңалту орталығында жыл басынан 1033 мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп келеді.

Жыл басынан бері 8009 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 5645 жеке оңалту бағдарламасы және 2013 жылдың 6203 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.

Соңғы жаңалықтар