Мыңға жуық жарқанат өрт сөндірушілердің ғимаратын басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - АҚШ-тың Флорида штатындағы Паско округінде бірнеше жүздеген жарқанат өрт сөндірушілерді өз ғимараттарын уақытша тастауға мәжбүр етті.

Мыңға жуық жарқанат  өрт сөндірушілердің  ғимаратын басып қалды

Саны мыңнан асып жығылатын жарқанаттар  ғимаратты басып қалды. Салдарынан өрт сөндірушілердің  жұмысы антисанитарлық және қауіпті  болып есептелді.

«Олар жатын бөлмелерде, жаттығу залдарында , жуынатын орындарда қаптап кетті, жағдай тіпті қиындады»,-деп мәлім етті әкімшілік мәселелері бөлімі басшының орынбасары Эндрю Фосса.

Әзірше  ғимаратты   басып алушылардан толықтай тазарту мүмкін болмай отыр. Өйткені  заң бойынша жарқанаттардың  көбейетін кезеңінде оларды мазалауға болмайды, деп жазады  Tampa Bay Times басылымы.